ГАЗ НАРЫҒЫНДАҒЫ КӨШБАСШЫ
ЭКОЛОГИЯҒА ҚАМҚОРЛЫҚПЕН

Біздің миссиямыз - болашақ ұрпақ үшін табиғатты сақтап қалу

Газ баллон жабдығын орнату және қызмет көрсету

Қазақстан Республикасындағы баламалы отын нарығының ең дамып келе жатқан бағыттарының бірі – мотор отыны ретінде сұйытылған мұнай газын пайдалану. “Бейбарыс” компаниялар тобына кіретін біздің компания автомашиналарға арналған отын ретінде сұйытылған газды пайдалану технологияларын енгізу бойынша қызметтердің толық кешенін ұсынады. Біздің компаниямыз өзінің аккредиттелген ТҚС желісінде автокөлікте арнайы жабдықтарды монтаждаудан бастап, танымал  өндірушілер ұсынатын жоғары сапалы отын құюмен аяқтайтын жалғыз компания.

Газ жабдықтарын орнату және қызмет көрсету – біздің компанияның негізгі бағыттарының бірі. Сіз қаншалықты сапалы ГБЖ сатып алсаңыз да, жүйені орнатуды тәжірибесіз мамандар жасаса, сіздің ақшаңыз бен күш-жігеріңіз босқа кетуі мүмкін. Бір ғана аздаған дәлсіздік немесе кемшіліктер ақыр соңында қайғылы салдарға алып келуі мүмкін. Сондықтан автокөлікке газ жабдығын орнатуды барлығын мінсіз жасай алатын нағыз мамандарға ғана сеніп тапсыру керек.

Біз “DIDGITRONIC”, “LOVATO”, “OMVL”, “TAMONA”, “MILANO”, “ATIKER”, “BRC” ГБЖ орнатамыз және орнатылатын жүйелерге ұзақ мерзімді кепілдік береміз, өйткені біз осы жабдықтың сенімділігін білеміз. Сапасыз ГБЖ монтаждау біз үшін беделіміздің төмендеуіне ғана емес, сонымен қатар кейінгі қызмет көрсету мен жөндеуге кететін үлкен шығындарға алып келеді.

Біздің қызметтер:

  • Өңірлерге шығу мүмкіндігімен кез келген көлік түріне газ жабдығын орнату
  • Кез келген түрдегі ГБЖ жөндеу және білікті сервистік қызмет көрсету.
  • Газ жабдығына техникалық қызмет көрсету, реттеу. Бұл қызмет жүйені орнату үшінші өзге ұйымдарда орындалған жағдайда да өзекті.
  • Сұйытылған отынмен қозғалтқыштың тұрақты жұмысын қамтамасыз ететін шынайы жоғары сапалы сертификатталған ГБЖ орнату.
  • Клиенттің автопарктерінің, базаларының аумағына шыға отырып, ГБЖ орнату мүмкіндігі.
  • Қазақстан Республикасы бойынша өңірлік техникалық қызмет көрсету станцияларының желісі арқылы қызметтер көрсету.
  • Кепілдік мерзімі кезеңінде жабдықты жедел жөндеу.

Рұқсат беру құжаттары

Газ баллон жабдығын орнатудың негізгі элементтері

ГБЖ орнату нұсқалары

Сіздің тілегіңіз бойынша, біз сондай-ақ баллонды көлік салонының түсіне қарай карпетпен қаптай аламыз немесе баллонда жабатын карпетпен тысталған қорапты орната аламыз.

Біздің миссиямыз

Келесі ұрпақ үшін табиғатты сақтап қалу. Энергетикалық ресурстарға мұқият қарау.

Кері байланыс

Открыть чат