Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарында “инвестицияларды тарту, экологиялық проблемаларды шешу, антропогендік жүктеменің теріс әсерін азайту, табиғат пайдаланушылардың қоршаған ортаға эмиссияларды төмендету жөніндегі жауапкершілігін күшейту, қалдықтарды кешенді қайта өңдеу мәселелерінде төмен көміртекті экономиканың “жасыл” саясатын орнықты дамытуды басқару жүйесін оңтайландыру” қажеттігі көрсетілген.
Табиғи ресурстарды ұтымсыз пайдалану, қоршаған табиғи ортаның ластануы, соның ішінде еліміздің үдемелі индустриялық-инновациялық дамуына байланысты қоршаған орта сапасы мен адам денсаулығының нашарлауы қазіргі кезеңде қоршаған ортаға антропогендік жүктемені төмендету бойынша неғұрлым тиімді тетіктерді қолдануды талап етеді. Атмосфералық ауаның ластануы халықтың денсаулығына теріс әсер ететін қоршаған ортаға әсердің жетекші факторларының бірі болып қала береді. Автокөлік және мұнай-газ секторы атмосфераға ең жағымсыз әсер етеді.
Ауаның автомобиль көлігі газдарымен ластану көлемі барған сайын қауіп төндіруде, бұл республика аумағындағы автокөлік құралдары санының қарқынды түрде өсуіне байланысты. Бұл проблема әуе бассейнін ластауға автокөліктің үлесі жалпы қалалық жалпы шығарындыдан 60% және одан да көп болатын ірі қалалар үшін барынша өзекті болып табылады.
Сондықтан министрлік алдына “жасыл” экономика қағидаттарын қалыптастыруға жағдай жасау, ең алдымен, экологиялық таза технологияларды енгізу, энергия тиімділігі және энергия үнемдеу, жаңартылатын энергия көздерін енгізу жөніндегі шараларды қолдану мәселелері бойынша табиғат пайдаланушылармен жария науқандар, оқыту семинарларын өткізу арқылы орта мерзімді мақсат қояды. Біздің компания Қазақстан экологиясы саласындағы ең проблемалық мәселелермен, атап айтқанда ірі қалалардың әуе бассейнінің ластануымен айналысады.