Сұйытылған газды (ГТҚ, ГТҚ-дан тұрғын үйлерге кіретін крандарға дейінгі сыртқы газ құбыры) өткізу және халыққа авариялық-диспетчерлік қызметтер көрсету кезінде пайдаланылатын газ жабдығын қауіпсіз пайдалануға және техникалық жарамды күйде ұстауға бағытталған қызметті жүзеге асырады.
Сұйытылған көмірсутекті газдарды (СКСГ) сақтауға арналған 1400 жерасты резервуарлары бар 360 топтық резервуарлық қондырғыларға (ТРҚ) қызмет көрсетеміз.
Мемлекеттік реттеу: ҚР табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес “Астана Газ қызмет” ЖШС Астана қаласы бойынша табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне енгізілді.
“Астана Газ қызмет” ЖШС құрамына екі мамандандырылған қызмет кіреді:
1. Авариялық қызмет:
“104” қызметінің міндеттеріне авариялық жағдайлардың алдын алу, жою және газгольдерлерге техникалық қызмет көрсету кіреді. Қызмет жұмысы тәулік бойы ұйымдастырылған.
Диспетчер өтінімдерді 104 телефоны бойынша қабылдайды, өтінімнің сипатын анықтайды және жерасты, жерүсті газ құбырларында, үй ішіндегі газ құбырларында және газ жабдықтарында, сыйымдылықты газ қондырғыларында авариялық жұмыстардың барлық түрлерін орындайтын кезекші бригадаға береді.
Авариялық қызмет қаланың 2 ауданына қызмет көрсететін екі арнайы машинамен жабдықталған.
2. Газ жабдықтарын пайдалану қызметі:
Қызмет жұмысы қаланың газ құбырлары мен газ реттеу қондырғыларының сыртқы желілерін техникалық жарамды күйде ұстауға және қауіпсіз пайдалануға бағытталған.
Сыртқы газ желілеріне және топтық резервуарлық қондырғыларға қызмет көрсетумен, жөндеумен, сақтандырғыш клапандарды сынаумен және баптаумен, тиекті арматураны жөндеумен және тексерумен айналысады. Бекітілген кестеге сәйкес сыртқы газ құбырларын, топтық жерасты қондырғыларының ыдыстарын жоспарлы бақылаулық нығыздау жұмыстарын жүргізеді.